×

Димаш Құдайбергеннің Швейцариядан келген жанкүйері қазақ тілінде кітап жазды

Эстер өз еңбегінде Димаштың музыкасы қалайша жүрегін жаулап алғанын баяндайды

Димаш Құдайбергеннің Швейцариядан келген жанкүйері қазақ тілінде кітап жазды
Фото: Qaz365.kz

Әншінің Швейцариядан келген жанкүйері қазақ тілінде “Димаш Құдайберген және Қазақстан: менің өмірімді қалай өзгертті?” атты кітап жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен танысқаннан кейін өмірі түбегейлі өзгерген швейцариялық Эстер Ульман қазақ тілінде арнайы кітап жазды.

Эстер өз еңбегінде Димаштың музыкасы қалайша жүрегін жаулап алғанын және осы жолда кездескен қызықты оқиғаларды баяндайды. 


"Бұл кітапты артыма мұра ретінде қалдыру мақсатында жаздым. Қазақ халқының бай мәдениеті, салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары мені еріксіз таңғалдырды. Көңілімдегі ой тізбегін, жүрегімнің сырын және өмірлік тәжірибемді осы кітап арқылы оқырманмен бөліскім келді”, – дейді Эстер Ульманн.

Жобаның авторы Төлеу Әділеттің айтуынша, бұл кітап — түрлі ұлт өкілдерінің жүрегіне жол табатын, жүздеген халықты бір арнаға тоғыстыратын  таңғажайып туынды.

Кітаптың тұсаукесеріне Димаштың жанкүйерлері де жиналды. Олар Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, әлемнің әр қиырынан келіп отыр. Бұл ортақ махаббат – Димаштың әндері арқылы байланысқан адамдардың ерекше кездесуі.

Барлық жанкүйерлер 26 мамыр күні сағат 18:00-де өтетін Димаш Құдайбергеннің фан-встречасына жиналады. Бұл кездесуде олар сүйікті әншісімен жүздесуге мүмкіндік алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жұлдызды той: Қайрат Нұртастың әкесі 60 жасын дүркіретіп атап өтті
09.10.2025ж. 13:03

Жұлдызды той: Қайрат Нұртастың әкесі 60 жасын дүркіретіп атап өтті

Әкесінің құрметіне Қайрат Нұртас ән шырқады. 
Кадрда актриса немересін қолына алып, жылы жымиып тұр.
Заңгер журналист пен белгілі актрисаның экс-күйеуінің үстінен арыз түсірген
Актер Олжас Абай Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы жөнінде әлеуметтік желіде жазба қалдырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →