×

Желі жұлдызына айналған мектеп директоры енді Димашпен шетелге шықпақ

Нұртазаның айтуынша, бейнеролик 24 мамыр күні салтанатты жиыннан кейін түсірілген.

Желі жұлдызына айналған мектеп директоры енді Димашпен шетелге шықпақ
Фото: Sn.kz

Қазақстанның халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Тау ішінде» атты жаңа бейнебаянына челлендж жариялаған болатын. 26 мамырда өткен Алматыдағы фан-кездесуде осы челлендждің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әнші видеоның ұзақтығы 30 секундқа дейін болуы керектігін және TikTok немесе Instagram платформаларында жариялау қажет екенін айтқан. Осы талаптарға сай әрі ең көп қаралым жинаған Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртазаның түсірген видеосы болды. Соңғы уақытта «Баламен бір толқындағы директор» атанған Ақмоншақтың видеосы екі күннің ішінде 3 миллионнан астам қаралым жинаған.

Нұртазаның айтуынша, бейнеролик 24 мамыр күні салтанатты жиыннан кейін түсірілген.

Ол 15 жылдан бері осы мектепте жұмыс істейтінін айтып, бұл істі өзінің өмірлік миссиясы деп санайтынын жеткізді. Мектеп директоры түлектерге өздеріне сенуге, жүрек қалауымен мамандық таңдаудан қорықпауға және ҰБТ — өмірдің соңы емес екенін естен шығармауға кеңес берді.

Енді директор Димаштың Барселона, Берлин, Лондон немесе Ригада өтетін концерттерінің біріне бара алады. Ұшу және тұру шығындары толық қамтылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кәмшат Жолдыбаева алғаш рет тойындағы суреттерін көрсетті
Кеше, 11:21

Кәмшат Жолдыбаева алғаш рет тойындағы суреттерін көрсетті

Өнер иесі оқырмандарының өтінішін орындаған. 
Сәби 13 қазан күні дүниеге келген.
Әкесінің құрметіне Қайрат Нұртас ән шырқады. 
Кадрда актриса немересін қолына алып, жылы жымиып тұр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →