×

«Модель емеспін»: Мақпал Жүнісова оқырманына ренжіп қалды

Әншіге арықтауға кеңес берген. 

«Модель емеспін»: Мақпал Жүнісова оқырманына ренжіп қалды
Instagram/zhunusova.makpal

Халық әртісі Мақпал Жүнісова арықтауға кеңес берген оқырманына ренішін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Әншінің әлеуметтік желіде жариялаған суретіне қатысты оқырмандарының бірі сыни пікір жазған. 

Мақпал апай, кішкене арықтасаңызшы. Спорт залға барыңыз. Тура Бибігүл Төлегенова болып қалыпсыз, – деп жазды тыңдарманы. 

Өнер иесі бұл сөзді назардан тыс қалдырмай, жауап қатты. 

Мен сізге модель емеспін. Бибігүл апама ұқсасам, жаман емес екен, – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі бала күнінде дене бітімінің қандай болғанын да айтып берді. 

Менің бала күнімдегі түріме туған сіңлімнің қызы ұқсайды. Шашым, бұйра топ-томпақ едім. Бауырсақ пен қаймақты күнде жесем де жалықтырмайтын еді, – деп жазды халық әртісі. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«100 мың теңге шашу шашамын»: Ерке Есмахан туған күніне ақша таратпақ
30.11.2025ж. 15:28

«100 мың теңге шашу шашамын»: Ерке Есмахан туған күніне ақша таратпақ

Ол оқырмандарына арнап ерекше тосынсый жариялағанын айтты
Әнші тік мінезді адам болғандықтан күйеуінің бетіне айтып тастаған кездері аз болмағанын жасырмады
Көрме Еуропадағы концерттермен қатар өтіп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →