×

Рэпер Моттың концертіне жоқ билеттерді сатқан: астаналық алаяқ іс-әрекетіне қатты өкініп отыр

Ол  уәде етілген билеттерді жібермей, кейін хабарласқандармен байланысын үзіп отырған

Рэпер Моттың концертіне жоқ билеттерді сатқан: астаналық алаяқ іс-әрекетіне қатты өкініп отыр
Сурет: afisha.ru

Рэпер Моттың концертіне жоқ билеттерді сатқан алаяқтыққа күдікті ұсталды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Астана қалалық полиция департаментінің Нұра аудандық криминалдық полиция қызметкерлері интернет алаяқтығын жасаған күдіктіні ұстады. Тергеу барысында OLX қосымшасына Мот есімді әншінің концертіне билет сатамын деген жалған хабарландыру жариялағаны анықталды. Ол алданған азаматтардан ақшаны өзінің емес, досының банк шотына аударуды сұраған. Алайда уәде етілген билеттерді жібермей, кейін хабарласқандармен байланысын үзіп отырған. Күдікті қылмыс жасағанын толық мойындап, өз әрекетіне өкінетінін айтып отыр”, – делінген полиция ақпаратында.

Қазіргі уақытта оның үстінен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарғақатысы тексеріліп жатыр. Полиция азаматтарды интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады. Ақшалай операциялар кезінде тексерілмеген тұлғаларға сенбеуге, ресми және сенімді дереккөздерді ғана пайдалануға кеңес береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кәмшат Жолдыбаева алғаш рет тойындағы суреттерін көрсетті
Бүгін, 11:21

Кәмшат Жолдыбаева алғаш рет тойындағы суреттерін көрсетті

Өнер иесі оқырмандарының өтінішін орындаған. 
Сәби 13 қазан күні дүниеге келген.
Әкесінің құрметіне Қайрат Нұртас ән шырқады. 
Кадрда актриса немересін қолына алып, жылы жымиып тұр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →