Ол әлі де өсуге дайын екенін алға тартты.
«Алтын ханым» байқауын жүргіземін деп сынға продюсер Мөлдір Мұқан жеке парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Баян Мақсатқызынан жүргізуші болуға ұсыныс түскенде қуана келіскенімен, қатты толқып, уайымдағанын алға тартты.
Әртүрлі тағдырлар тоғысқан осы керемет жобада мен жүргізуші боламын деген ой тіпті түсіме де кірмеген шығар. Баян Мақсатқызынан ұсыныс түскенде таңданыстан бұрын, қорқыныш жауапкершілік басым болды.
Қазақстанның шоу-бизнесінде өзіндік ерекше орыны бар, бөлек көзқарасы бар, заманауи уақытпен мен ұлттық мүддені керемет жеткізе алып жүрген продюсер маған осындай ұсыныс жасағаны санамды шайқап жіберді рас.
Ал енді маған сенім артқан майталмандардың ойынан шықтым ба, халыққа жеткізе алдым ба, оны әлеуметтік желіде талқылап та, қолдап та жатқан өздеріңіз.
Мен тырыстым. Бойымда күш-қуатым, ерік-жігерім барда мен өсе беруге дайынмын. Иә, кешегі сахнадағы әдеміліктің артында менің ішкі қорқынышым, толқуым, сезімдерімнің лап еткені сонша, көзім көрмей, сөздер де аузыма түспей қалған сәттер де болды, - деп жазды ол.