×

«Кешірмеймін, бірақ жақсы көремін»: Айсәуле Бақытбек әкесі туралы ойын айтты

Айсәуле Бақытбек болған жағдайға қарамастан әкесін жақсы көретінін айтты.

«Кешірмеймін, бірақ жақсы көремін»: Айсәуле Бақытбек әкесі туралы ойын айтты

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы, блогер Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде әкесі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқырмандарының бірі оған «Әкеңізді кешірдіңіз бе?» деген сауал жолдаған. 

Айсәуле Бақытбек болған жағдайға қарамастан әкесін жақсы көретінін айтты.

Кешіру және түсіну мүмкін емес секілді. Алайда мен оны қабылдаймын және жақсы көремін. Осы жеткілікті деп ойлаймын, - деп жауап берді ол.

Айта кетейік, 2022 жылы Бақытбек Есентаев түрмеден босап шықты. Ол 2016 жылы 9 жылға сотталып, мерзімінің үштен екі бөлігін өтеген соң, сотқа арыз берген. Сот оның тәртібі мен бұрынғы әйелінің өтінішін ескеріп, босату туралы өтінішті мақұлдады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Алматыдағы Мақпал Жүнісованың концертіне келіп сөз сөйлеген Асқар Құлыбаев елдің наразылығын туғызды
Мақпал Жүнісова инфаркт алғанын мәлімдеді
Танымал әртіс Дариға Бадықова Нұрсейіт Жылқышыбайдың YouTube-арнасындағы сұхбатқа байланысты сотқа жүгінген еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →