×

«Тас-талқан болды»: Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотта жеңіп шыққан

Медиа маманы бұрынғы әйелін өзіне жала жауып, ел алдында қаралағысы келді деп айып таққан.

«Тас-талқан болды»: Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотта жеңіп шыққан

Журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы әйелімен сот процесі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Медиа маманы бұрынғы әйелін өзіне жала жауып, ел алдында қаралағысы келді деп айып таққан.

- Ақиқат жеңді! Өтіріктің құйрығы бір ақ тұтам. Маған жала жауып, ел алдында қаралағысы келгендердің бүгін туы құлап, позициялары тас-талқан болды. Жалған ақпаратты жалаулатып тапқан нандарың сіңімді болсын! Ал құрбан ролін ойнағандардың маскасы шешілді. Сөз жүзінде емес іс жүзінде! - дейді Асхат Садырбай.

Ол айтуынша, сот процесі бірнеше айға созылған. Садырбай өзіне ақпараттық шабуыл жасалды деп есептейді.

- Иә, құрметті оқырман, бүгін менің жеке басыма айтылған жалған ақпараттар, ар-намысым мен іскерлік беделіме нұқсан келтіру бойынша бірнеше айға созылған сот аяқталды. Жауапкер Қорабаева А. менің және менің отбасыма қатысты айтқан ақпараттардың біреуіне де дәлел бере алмады. Тіпті соттың бір сұрағына «өзім ойдан айта салдым» деген сыңайда жауап берді. Біреуге күлкі, біреуге өсек шығар. Бірақ бұл адамның өмірі мен тағдыры. Ақпараттық шабуыл маған және менің отбасыма ауыр тиді. Бұл сот болмас та еді. Алайда өтіріктің үстіне өтірік қосылып үдей берді. Ал, менің мақсатым біреуді соттау емес, өзімнің кінәсіз екенімді амалсыздан заң жүзінде дәлелдеу еді. Тіпті моральдық шығын да қажет емес, медиациямен шешейік дегенде де жауапкер тарап басында басқа сөйлеп, кейін қайтадан өз әдеттеріне салып кері кетті. Тіпті сот отырысына камера алып келіп шоу жасағысы келді. Қысқасы осымен тамам! Алдағы уақытта соттың ресми шешімін және қосымша ақпараттарды толық жариялаймын! Қолдаған жандарға мың алғыс. Аман болыңыздар! – деп жазды журналист.

Айта кетейік, бұған дейін  Асхат Садырбайдың бұрынғы жұбайы Айғаным Қорабаеваның үстінен Алматы қаласының азаматтық істер жөніндегі сотына талап арыз түсіргенін жазғанбыз.

Бұдан соң, Айғаным Қорабаева жауап жазды.

- Кешегі Асхат Садырбайдың постына жауап беруіме тура келіп отыр.Ақиқат жеңді деп жазып қойыпты. Алайда сот процесінің маған түсініксіз тұстары көп болды. Өйткені менің дәлелдерімді негізге алмады, сот отырысы болу керек күні болмады.Ашық сот отырысына тыйым салды. Асхаттыкы шындық болса, неге ашық сот отырысынан қашадыКекетіп жазған әрбір сөздеріне ұлымның әкесі заң алдында жауап беретін болады. Мен әрбір айтқан сөздерімді кері алмаймын. Апеляциялық шағым арызымды тастауға дайындалып жатырмын. Маған соңғы 3 айда 45000 көлемінде алимент төлеп, 1,5 млн сот шығынын өндіріп алғысы келгені қай сасқаны?!Қазір таңда алимент мәселесі Шымкент қалалық прокуратурасының назарында. Менің үндемей отырғаным - заңды шешімдерді күтіп отырғаным. Бұрынғы әйелдері де тура Асхатқа осылай мінездеме берген.Шындықтың туы ешқашан құламайды! Позициямыз қаз қалпында. Мен ешқашан құрбан рөлін сомдаған емеспін. Әрбір сөзімді дәлелмен шегеледім. Менің сот отырысында айтпаған сөздерімді айтты қылып, пост шығару ол заң бұзушылық.Сот отырысына камера әкелсем, менің сөзімнің ақиқат болғаны. Асхат Садырбай секілді шоу бағдарлама жүргізбеймін, - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →