×

Полиция «Шакенти мен Бишімбаев» видеосына қатысты шешім қабылдады

Жасанды интеллект көмегімен актердің Бишімбаевтың жанында отырғандай етіп бейнеролик жасалған болатын

Полиция «Шакенти мен Бишімбаев» видеосына қатысты шешім қабылдады

Алматы қаласының полициясы актер Шарип Сериктің атына жасанды интеллект көмегімен Бишімбаевтың жанында отырғандай етіп бейнеролик жасаған азаматқа қатысты берген арызы бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қаласы ПД мәлімдеуінше, бұл факті бойынша тексеру жүргізілген.

«Аталған бейнематериалды жасау кезінде жеке өмірге қол сұғылмаушылық, дербес деректер және азаматтардың өзге де құқықтарына қатысты заңнама бұзушылықтары анықталған жоқ. Тексеру қорытындысы бойынша құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан, арызды қараусыз қалдыру туралы шешім қабылданды», – деп түсіндірді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 3 сәуірде алматылық тұрғын Әлия Бутеева Шарип Серикті соққыға жықты деп айыптаған болатын. Одан кейін артынан актердің жалаңаяқ жүгіріп шығып, қолынан ұстап, лифтіден сүйреп шығарған сәті бейнеленген фото және видеоны жариялады. Сондай-ақ, бетінде қызарған іздері бар фотомуреттерді бөліскен болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мөлдір Мұқан ұлына «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына VIP-билет сыйлады
26.09.2025ж. 12:05

Мөлдір Мұқан ұлына «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына VIP-билет сыйлады

Бұл оның туған күніне арналған сыйлық болатын. 
Ол Мейрамбек Беспаевтың қызының тұсауын кесемін деп сынға қалды.
Желі қолданушылары бірден болжам жасай бастады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →