×

Мадина Сәдуақасова 10 жастағы ұлына пәтер сыйлады

Әншінің ұлы 10 жасқа толған

Мадина Сәдуақасова 10 жастағы ұлына пәтер сыйлады
instagram.com/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова ұлының туған күнінде оған ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Әнші ұлына мектебінің жанынан пәтер сатып алған.  

«Балаға пәтер сыйласаң, оның өміріндегі 10 жылын жеңілдетесің» дейді ғой. Ал біз тура мектебіне қарама-қарсы үйде пәтер алып, өзіміздің өмірімізді жеңілдеттік. Енді тек жолдан өте саламыз, Алматының кептелісінде сағаттап тұрмаймыз. Сосын өзімізге ыңғайлап қүрылысын жасап жатырмыз. 
Үйдің жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Бұйыртса, 1 қыркүйек күні мектепке осы үйден қатынаймыз. Басқа бөлмелерге Әнуардың өзі келіп, көмектесіп жатыр. Өзінің бөлмесі 90 пайызға бітті. Құтты берекелі үй болсын! – деп жазды әнші. 

Өнер иесінің ұлы 17 маусымда 10 жасқа толған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →