×

Мейрамбек Бесбаев мектеп бітірген қызына арнап әсерлі жазба жариялады

Әншінің тұңғышы түлек атанған. 

Мейрамбек Бесбаев мектеп бітірген қызына арнап әсерлі жазба жариялады
instagram.com/m_besbaev

Қазақстандық әнші, «МузАрт» тобының солисі Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желіде мектеп бітірген қызына арнап жазба жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өнер иесі бұл күн қызы Кәусарға ғана емес, өзі үшін де толқынысқа толы болғанын алға тартты.

Бүгін мені әке атандырған тұңғышым, нәзік гүлім Кәусарым мектеп бітірді. Қызыма ғана емес, мен үшін де толқынысқа толы күн болды.  Балапандарымызды 11 жыл білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, қанаттарын қатайтып, кішкентай жүректеріне үлкен арман ұялатқан Кәусарым оқыған Ш.К.Беркінбаева атындағы Алматы қыздар мектеп-лицей-интернатының басшылығына, барша ұстаздарына рақметімді айтамын.
Түлектердің жолдары ашық, болашақтары жарқын болып, ізгі армандары орындалсын! – деп жазды өнер иесі.

Ал оқырман қауым уақыттың қалай тез өткеніне таңданысын білдіріп, түлекке ізгі тілектерін жеткізген.

«Кеше ғана Беспаевтың қызы мектепке барды деген жаңалықты оқыған сияқты едік, 11 жыл өтіп кетіпті», «Қашан есейіп кеткен», «Жолың ашық болсын», - деп жазды көпшілік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →