Димаш грим бөлмесінде өнердегі апасы Роза Рымбаеваға ізет көрсеткен.
Кезекті концерттің алдында Қазақстан халық әртістері Роза Рымбаева мен Димаш Құдайберген кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Димаш грим бөлмесінде өнердегі апасы Роза Рымбаеваға ізет көрсеткен.
Сізбен сахнаға шығуымның өзі мәртебе ғой. Аман болыңыз, - дейді ол.
Өз кезегінде Роза Рымбаева Димаштың бұл сөзіне «қойшы» деп күліп жауап қайтарады.
Алайда қазақ өнерінің примадоннасы саналатын әншінің бұл сөзін желі қолданушылары басқаша түсініп қалған.
«Розаға не болған, баласындай жігітке осылай жауап бере ме?», «Розаның іш тарлығы ұят», «Көре алмай, менсінбей өтіп бара жатыр ма?», «Розаның ішіне оқтау айналмайтын адам», «Күліп айтып бара жатыр ғой. Оның несін сынайды екен», «Қойшы деп айтпай өте шығып кете бергенше сәлемін алып үлкен басымен батасын бермей ме», «Роза апай , Димашка ренжулі ме?», «Не деген тәкаппарлық», - деп жазды желі қолданушылары.