×

«Мен сені иіскеуім керек»: әнші Наркенже Серікбаева өзінің филармония басшылығынан көрген қорлығы туралы айтты

Ол енді үнсіз қалмайтынын жеткізді. 

«Мен сені иіскеуім керек»: әнші Наркенже Серікбаева өзінің филармония басшылығынан көрген қорлығы туралы айтты
instagram.com/Наркенже Серікбаева

Бірнеше республикалық, халықаралық әнші-термешілер сайысының лауреаты атанған танымал әнші Наркенже Серікбаева Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясында көргені қорлығы туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өнер иесінің сөзіне қарағанда, филармонияның басшылығы өзін қолжаулық еткісі келген, көнбегені үшін қорлап, өнерден шеттетуге тырысқан.

Менде шындық көп…  Ашындырып, мені осындай жағдайға жеткізді. Филармония басшысы Ғ. мырза маған қаншама қысым көрсетіп, киімің жоқ деген сылтаумен концерттен шеттетті. Ұят та болсын айтайын, «менің алдыма отыр, мен сені иіскеуім керек» деген сыңайдағы әңгімелердің бәрінен өтіп келемін. Құрметті әкім мырза, осыны қолға алыңызшы. Жалғыз мен емес, қазақтың қаншама қызы сондай басшылардың қол астында кетіп жатыр. Филорманияда қанша жыл жұмыс істедім, бұл екі кісі басшы болып келмей тұрып, мұндай әділетсіздік көрген емеспін! Енді осы жолы шығатын жеріме дейін шығамын. Шындықты айтқаным үшін, махаббат құрмағаным үшін көріп келе жатқан қысымым бүгін шегіне жетті, - деді әнші.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →