Танымал әнші Қарақат Әбілдина денсаулығына байланысты ерекше ем түрін алғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол өнердегі және өмірдегі серігі Қыдырәлі Болмановпен бірге маралдың мүйізінен дайындалған сорпаға түсіп, Қатонқарағайға демалып қайтқан.
Қыдекең екеуміз Өскеменге мектеп ашуға келген сапарымызда Қатонқарағайға соға кетуді жөн көрдік. Бұл мекен ем іздегенге шипа, шаршағанға сая екен. “Көкшетау – адамның қасы болса, Қатон – шашы” деп жергілікті халық әзілмен астарлап, әдемі теңеу айтады. Шынымен де сұлулықтың шыңы, табиғаттың айнасы десе болады. Телефонды сөндіріп, табиғатпен үнсіз тілдесудің өзі нағыз медитация емес пе?! Саф ауа, самал жел, жайқалған орман, таудың тынысы бәрі жанды тыныштандырып, бойға қуат береді. Маралдың мүйізінен дайындалған сорпаға түсіп, буын-буынға шипа алдық. Жай ғана демалыс емес, рух пен тәннің қайта түлеуі болды, – деп жазды ол.
Сонымен қатар, әнші демалысты шетелден емес, елден іздеу керегін, Қазақстанда да әдемі жерлер барын айта кетті.
Дегенмен жолдасы Қыдырәлі Болман биыл Германияға барып емделіп келген болатын.