×

Қазақ актері АҚШ-та өртеніп жатқан көліктен адам құтқарып қалды

Қазақ актері АҚШ-та өртеніп жатқан көліктен адам құтқарып қалды

Қазақстандық актер Сануржан Сүлеймен АҚШ-та ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде қазақстандық актерлердің АҚШ-та жол апатына ұшыраған америкалыққа көмектесіп жатқан сәті түсірілген бейнежазба тарады.

Оқиғаға куә болған актриса Айдана Сахаридің айтуынша, көлік жардан құлап, отқа оранған. Сол сәтте Санұржан Сүлеймен еш ойланбастан оқиға орнына жүгіріп барып, көліктегі адамды сыртқа алып шыққан. Қазақ жігіті өзі де үлкен қауіпке бетпе-бет келгенімен, жүргізушіні аман алып қалды. Кейін оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері келіп жеткен.

 

Сануржан Сүлеймен 1998 жылдың 9 сәуірінде Алматы қаласында дүниеге келген.

Кейбір желі қолданушылары бұл видео шынайы емес деп жазып жатыр. Мен бәрін көзіммен көрдім. Санұржан нағыз адамгершіліктің үлгісін көрсетті. Ол ештеңеден тайсалмай, отқа қарай ұмтылды, – деді куәгер Айдана Сахари.

Үш жасынан бастап журналдар мен жарнамаларға арналған түрлі фотосессияларға бала модель ретінде қатысып, халықаралық балалар байқауларының лауреаты атанды. Мектеп жылдары би өнеріне қызығып, пародиялық қойылымдарға қатысты. Бесінші сыныпта мұғалімдермен бірге мектеп театрын ашты.

2009 жылы 10 жасында "Қазақфильм" студиясы түсірген "Аңшы бала" фильмінде басты рөлге бекітіліп, үлкен кинодағы дебютін жасады.

Осы отбасылық балалар фильмінен кейін түрлі жанрдағы кино мен тележобаларда басты және қосалқы рөлдерді сомдап, шығармашылығын жалғастырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Неге соңына дейін бармадыңыз?»: Наркенже Серікбаеваның қызы пікір білдірді
Бүгін, 14:56

«Неге соңына дейін бармадыңыз?»: Наркенже Серікбаеваның қызы пікір білдірді

Ол бұл жағдайдың қоғамға сабақ болғанын алға тартты. 
Ол жаңа әнін көпшілік назарына ұсынды. 
Оның сөзінше, «иіскегісі» келген бастығы өзінен кешірім сұраған. Содан кейін филармония бастығымен татуласып, істі жапқан.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →