Өнер иесін көпшілік жарыса құттықтап жатыр.
Қазақстандық актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова сүйінші жаңалық жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұған дейін өнер иесі экстремалды контенттерімен танымал блогер Сәкен Қағаровқа тұрмысқа шыққан еді. Енді жұп сәби күтіп отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы өздері әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Біз сені асыға күтеміз, балапан, - деп жазба қалдырды Адайбекова.
Жұпты оқырманы мен достары құттықтап жатыр.
«Қуаныштымын», «Аман-есен босанып алыңыз», «Құттықтаймын», «Құтты болсын! Ғұмырлы бақытты бала болсын», - деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, Айжұлдыздың бірінші некесінен бір ұлы бар.