×

«Жақында». Жазира Байырбекова аяқ астынан күтпеген жаңалығын айтты

«Жүкті сияқтысыз», «Қуанышты жаңалық па?» деген сынды болжауларын жарыса жазған.

«Жақында». Жазира Байырбекова аяқ астынан күтпеген жаңалығын айтты

Белгілі әнші Жазира Байырбекова тыңдармандарына жаңа ән ұсынбақ. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әншінің айтуынша, көптен күткен туындысы — «Жақында... Жаныңдамын — деп сыбырлайтын ән» жақын арада жарық көреді. Жазира бұл әнді «жүрекке жылы, жанға жақын, сағындырған әуен» деп сипаттап, тыңдармандардың әрқайсысы бұл ән арқылы өз жүрегіндегі жанды еске алады деп сенім білдірді.

Сіз үшін, сіздің жүрегіңіз үшін. Осы әнді естігенде ойыңызға кім келеді? Кім жаныңызда болғанда – бәрі мәнді, бәрі тәтті? Ол адамды белгілеп кетіңіз... Бәлкім, бұл ән екеуіңізге арналар, – деп жазды әнші парақшасында.

Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің жазбасына белсенді пікір қалдыруда. Көпшілігі бейнежазбадағы әншінің келбетіне қарап, «Жүкті сияқтысыз», «Қуанышты жаңалық па?» деген сынды болжауларын жарыса жазған. Алайда әнші әзірге бұл пікірлерге нақты жауап берген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады
Бүгін, 12:20

Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады

Ол мұны ескерту деп қабылдағанын айтты. 
Әнші алғаш рет желіде күйеуі Ғазрет Қажымұқанұлымен видео жариялап, оқырмандарын қуантып қойды.
Ол ішкі күйін жасыра алмайтынын, алайда өмірді қабылдауға тырысып жүргенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →