Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, Халық әртісі Мақпал Жүнісова ресми түрде зейнеткерлік жасқа жетіп, демалысқа шыққанын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы әнші соңғы өткен концертінде сахнадан айтып, тыңдарманымен шын жүректен бөлісті.
Демалысқа шығатын кезіміз келіпті. Зейнет жасына жеттік. Бұл менің зейнеткер ретіндегі бірінші концертім, – деді ол сахнада ел алдына шығып.
Әнші залда отырған көрерменнің ыстық ықыласы мен ұзақ жылдар бойғы қолдауына алғысын білдіріп, зейнетке шыққаны өнерден қол үзу емес, керісінше жаңа тыныс, жаңа белес екенін меңзеді.
Мақпал Жүнісова – қазақ эстрадасының ең танымал және сүйікті әншілерінің бірі. Ол:
Ол өзінің 40 жылдан астам сахналық өмірінде мыңдаған концерт беріп, ондаған хит әндерді жұртшылыққа тарту етті.
Айта кетейік, әйелдер қазіргі кезде 61 жасында зейнеткерлікке шығады. Мақпал Жүнісова 1964 жылы дүниеге келген.