×

Төреғали Төреәлінің отбасында қуанышты жаңалық болды

5 шілде күні әншінің кенже ұлы бір жасқа толған.

Төреғали Төреәлінің отбасында қуанышты жаңалық болды
instagram.com/aigulmukei

Белгілі қазақстандық тележүргізуші әрі журналист Айгүл Мүкей Instagram парақшасында танымал әнші Төреғали Төреәлінің отбасылық жиынында түсірілген видеоны бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

7 шілдеде жарияланған жазбада Айгүл оқырманын қызықтырып:

Үнсіз кеткен Төреғали қайта оралды ма? – деп жазды.

Видео кадрларынан белгілі болғандай, 5 шілде күні әншінің кенже ұлы бір жасқа толған. Осыған орай Төреғали мен жұбайы Толқын Мырзақымова ұлдарына арналған тұсаукесер рәсімін өткізуді ұйғарған. Бұл салтанатты әрі маңызды дәстүрлі рәсімді 32 жастағы өнер иесі өзінің сенімді продюсері Жан Мұқановқа тапсырған.

Төреғалиді біраз уақыт көрмеген тыңдармандары оның бұл отбасылық шарасына шынайы қуанып, жылы лебіздерін жаудырды:

«Құтты болсын, баланың жолы ашық болсын!»

«Төрештің жары сондай сымбатты әрі биязы екен».

«Ұлыңыздың алғашқы қадамы құтты болсын!»

«Бақытты болыңыздар. Сәттілік тілейміз».

«Жарайсың! Әкең сияқты тамаша әнші бол!»

«Ол – халықтың ұлы. Еліне қызмет етпей қоя ма?».

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Елдос «Колобок» анасының неге тұрмысқа шықпағанын айтты
Бүгін, 16:20

Елдос «Колобок» анасының неге тұрмысқа шықпағанын айтты

Ол өзі де қарсы болғанын алға тартты. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →