×

Қарақат Әбілдинаның жаңа кітабы жарық көрді

Ол арманына қол жеткізгенін айтты. 

Қарақат Әбілдинаның жаңа кітабы жарық көрді
instagram.com/karakat_a

Белгілі әнші, халықтың сүйікті өнер иесі Қарақат Әбілдина өзінің жаңа еңбегін – «Қарақат салған қанатты ән» атты кітабын жарыққа шығарып, көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әншінің айтуынша, бұл жинақ – жетіген аспабымен орындалатын әндерге арналған тұңғыш кітап. Онда Қарақат Әбілдинаның көне аспаппен орындаған 32 әнінің мәтіні, нотасы және QR-код арқылы тыңдауға болатын аудионұсқасы берілген.

Бұл кітап – жетігенде ойнап үйренгісі келетін жас өнерпаздар мен музыка пәні мұғалімдеріне таптырмас құрал болады деп сенемін. Бұл – тек менің шығармашылығым ғана емес, сонымен қатар қазақ руханиятына қосқан титтей үлесім деп білемін. Өнер жолында өз үнімді қалдыру – бала күнгі арманым еді. Осы кітап – сол арманның орындалған бір сәті, – деп бөлісті қуанышымен әнші.

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер саласының танымал өкілдері, ұлттық өнерді қолдаушылар қатысты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жұлдызды той: Қайрат Нұртастың әкесі 60 жасын дүркіретіп атап өтті
09.10.2025ж. 13:03

Жұлдызды той: Қайрат Нұртастың әкесі 60 жасын дүркіретіп атап өтті

Әкесінің құрметіне Қайрат Нұртас ән шырқады. 
Кадрда актриса немересін қолына алып, жылы жымиып тұр.
Заңгер журналист пен белгілі актрисаның экс-күйеуінің үстінен арыз түсірген
Актер Олжас Абай Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы жөнінде әлеуметтік желіде жазба қалдырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →