Бәрі керемет деп айта алмаймын.
Дәстүрлі әнші, Қазақстанның халық әртісі Айгүл Қосанова YouTube-тегі «Мамский әңгіме» подкастында отбасылық өмірі туралы айтты, деп хабарлайды
- Жолдасымның жасы менен үлкендеу деп айттыңыз. Жас айырмашылығы – 14 жас. Бұл құпия емес шығар. Оның үстіне, жолдасыңыздың осының алдында отбасы болған екен, екі баласы бар екен. Сіз 25-тесіз, ол кісі 39-да, бұрынғы отбасы бар. Осы нәрселер сізге қиын болмады ма?
– Бәрі керемет деп айта алмаймын. Қазақтың «тең-теңімен, тезек қабымен» деген керемет сөзі бар ғой. Осы мәселені негізі анам көп айтқан. «Есік көргенді емес, бесік көргенді ал» деген сөз бар. Менің тағдырым шығар, солай қабылдаймын. Өйткені кезінде бірге оқыған, қазір әріптес болып жүрген азаматтар: «бұрын сен бізге қарамайтын едің ғой деп жатады. Сол кезде қайда жүрдің десем, саған жақындау мүмкін болмайтын», - деп жауап береді. Өздері кішкене қорқақтық танытқан шығар, әйтпесе қыздың көңілінен шығудың жолдарын табуға болады ғой. Сөйлесуге болады. Осы тұрғыдан менің жолдасым пысықтау болды. Алдына мақсат қойып, дегеніне жетуге әрекет еткен шығар деп ойлаймын.
Ол жас айырмашылығы отбасын құру кезінде қиындық тудырғанын жасырмады.
Жас айырмашылығының өзіндік қиыншылығы бар. Артықшылығы да бар. Сондықтан өмірімде жолыққан адамды тағдырым деп қабылдаймын, - деп түйіндеді Айгүл Қосанова.