×

«Ақботамен қайта қосыла ма?»: Дәурен Айдарқұлов жұртты ойландырып қойды

Алайда видеода айтылған сөздердің нақты мәні әзірге белгісіз.

«Ақботамен қайта қосыла ма?»: Дәурен Айдарқұлов жұртты ойландырып қойды
Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Актер Дәурен Айдарқұлов әлеуметтік желіге жариялаған ерекше видеосымен жұртты елең еткізді. Видеода ол аты аңызға айналған Роберт Де Ниромен «әңгімелесіп» отырғандай көрінеді. Әрине, бұл – шебер жасалған монтаж. Алайда актер айтқан сөздер ел ішінде түрлі болжамдар мен пікірлерге себеп болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Есіңде ме, 2016 жылы Ақботаға үйленгенімде бүкіл ел шулап еді ғой? Осы күзде тағы сондай "у-шуды" қайталағым келіп отыр», – дейді ол видеода.

Бұл мәлімдемеден кейін көпшілік әртүрлі жорамалдар айтуда. Бірі: «Ақбота-Нұрмен қайта қосылмақшы», десе, енді бірі: «Тағы бір шоу басталғалы жатыр», – деген пікірлер қалдырған.

Алайда видеода айтылған сөздердің нақты мәні әзірге белгісіз. Егер бұл расында да астары бар ишара болса, актер алдағы күзде жеке өміріне байланысты маңызды жаңалықпен бөлісуі мүмкін.

Еске салайық, Дәурен Айдарқұлов пен әнші Ақбота-Нұр Айдарқұлова 2016 жылы отбасын құрған, алайда кейін ажырасып кеткен. Сол кезден бері олардың қарым-қатынасы қоғам назарынан тыс қалған емес.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жұлдызды той: Қайрат Нұртастың әкесі 60 жасын дүркіретіп атап өтті
09.10.2025ж. 13:03

Жұлдызды той: Қайрат Нұртастың әкесі 60 жасын дүркіретіп атап өтті

Әкесінің құрметіне Қайрат Нұртас ән шырқады. 
Кадрда актриса немересін қолына алып, жылы жымиып тұр.
Заңгер журналист пен белгілі актрисаның экс-күйеуінің үстінен арыз түсірген
Актер Олжас Абай Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы жөнінде әлеуметтік желіде жазба қалдырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →