×

«Жарқырайтын уақыт келді»: Мөлдір Мұқанова жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

Бұл жазба көпшіліктің қызу талқысына түсті.

«Жарқырайтын уақыт келді»: Мөлдір Мұқанова жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды
instagram.com/moldir.mt

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары әрі әншілік жолға бет бұрған Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойға қалдырды, деп жазады Qaz365.kz.

Ол өзінің Instagram парақшасында ерекше бейнеролик жариялап, өзін екі түрлі кейіпте - «сынған» және «жарқыраған» күйде көрсетті.

Жарқырау үшін сыну керек болды. Жарқырайтын уақыт келді, – деп жазды Мөлдір Мұқанова жазбасында.

Бұл жазба көпшіліктің қызу талқысына түсті. Желі қолданушылары түрлі пікір білдіруде:

«Жарқырай бер, халық сені қолдайды. Тұрсынбекке ерегісіп, мықты жұлдыз бол!»

«Еркектің ақшасы көбейсе – қатын алады. Күйеуі тастаған жалғыз әйел емессің. Мықты бол!»

«Ажырасқан әйелдер бірден жайнап кететіні несі екен? Күйеуі барда неге осылай жарқырап жүрмеді?» – деп жазып жатыр желідегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың отбасылық жағдайына қатысты түрлі жорамалдар мен қауесеттер тараған болатын. Сонымен қатар Тұрсынбектің екінші әйелі бар деген әңгімелер де қызу талқылануда. Дегенмен екі тарап та бұл ақпаратқа ресми жауап берген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«100 мың теңге шашу шашамын»: Ерке Есмахан туған күніне ақша таратпақ
30.11.2025ж. 15:28

«100 мың теңге шашу шашамын»: Ерке Есмахан туған күніне ақша таратпақ

Ол оқырмандарына арнап ерекше тосынсый жариялағанын айтты
Әнші тік мінезді адам болғандықтан күйеуінің бетіне айтып тастаған кездері аз болмағанын жасырмады
Көрме Еуропадағы концерттермен қатар өтіп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →