×

Айгүл Иманбаеваға күйеуі мәһр үшін «Tesla» көлігін сыйлады

Айгүл ханым нағыз бақытты әйел екен

Айгүл Иманбаеваға күйеуі мәһр үшін «Tesla» көлігін сыйлады
Әлеуметтік желі

Қазақстандық танымал актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде жаңа көлік тізгіндеп отырған сәтінен бейнежазба жариялап, жұрттың назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Instagram желісіндегі stories бөлімінде актрисаның рөлде отырған видеосы тарап, оны Айдана Байтұрсын есімді қолданушы бөлісті. Видеода:

«Жездем Айгүл Иманбаеваға көлік сыйлады. Әлі нөмірін де алмаған», – делінген.

Lamborghini уәде етілген, бірақ Tesla бұйырыпты

Желіде кеңінен тараған бейнежазбадан кейін Айгүл Иманбаева жаңа көлікке қатысты түсініктеме беріп, күйеуінің өзіне мәһрге Lamborghini уәде еткенін айтып, былай деп әзілдеді:

«Күйеуім маған мәһрге Lamborghini уәде берген. Келсем: «әзірге Lamborghini емес, Tesla алып қойдым» дейді. Міне», – деп қуанышын бөлісті.

Желі қолданушылары не дейді?

Әлеуметтік желі қолданушылары актрисаның қуанышын құптап, көліктің сәні мен жұбайлардың өзара жарасымды қарым-қатынасына жылы пікірлер қалдыруда. Кейбіреулері әзілге сүйене отырып:

– «Lamborghini уәде етіп, Tesla бергеннің өзі үлкен махаббаттың белгісі», – десе,
тағы бірі:
– «Айгүл ханым нағыз бақытты әйел екен», – деп жылы лебіздерін жаудырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Димаш Құдайберген жаңа образымен елді таңғалдырды
Кеше, 17:36

Димаш Құдайберген жаңа образымен елді таңғалдырды

Желі қолданушылары Димаштың бұл образына жоғары баға берген. 
Еркенің айтуынша, бұл суреттер перзентханадан шыққан сәттен кейін түсірілген.
Алайда видеода айтылған сөздердің нақты мәні әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →