×

«Сұрақтың астына алады»: Жұлдыз Әбдукәрімова неліктен әбігерге түскенін айтты

Ол бала күтіміне байланысты демалысты ресімдеу процесінің күрделі екенін атап өтті.

«Сұрақтың астына алады»: Жұлдыз Әбдукәрімова неліктен әбігерге түскенін айтты
instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Белгілі актриса әрі блогер Жұлдыз Әбдукәрімова алғаш рет ресми түрде декреттік демалыс рәсімдеп жатқанын жариялады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, қажетті құжаттарын көрсетіп, өзінің әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Актрисаның айтуынша, декретке шығу оңай шаруа емес – оған қажетті барлық құжатты жинау, ресімдеу және тиісті орындарға тапсыру көп уақыт пен күш талап етеді.

Алдымен өзіңді жұмысқа тіркейсің, өзіңе жалақы аударып тұрасың, одан бөлек әлеуметтік төлемдер мен салықтарды өтейсің - бұл күнделікті үйреншікті нәрсеге айналған. Бірақ жүктілікке байланысты берілетін «уақытша еңбекке жарамсыздық» парағын алғаш рет қолыма алып тұрмын, – деп жазды Жұлдыз.

Ол бала күтіміне байланысты демалысты ресімдеу процесінің күрделі екенін атап өтті. Түрлі құжаттар сұралып, олар мұқият тексеріледі, кей жағдайда бірнеше мекемеге баруға тура келеді екен.

Сан алуан құжат сұрайды. Әр бетін май шаммен қарап шығады. Сосын сұрақтың астына алады, ары-бері жүгіртеді. Қысқасы, декрет алу үшін де дәлелдеп жүресің, – дейді ол.

Бірнеше күн бойы мемлекеттік қызметтер мен құжаттарды рәсімдеумен айналысқан актриса бұл үдерістен кейін бір шетінен жеңілдеп, бір шетінен шаршағанын жасырмады:

Әйтеуір бәрін өткізіп, жер қопарғандай болып отырмын, – деп түйіндеді Жұлдыз Әбдукәрімова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Наркенже Серікбаева операция жасатты
Бүгін, 16:48

Наркенже Серікбаева операция жасатты

Ол нәтижеге көңілі толғанын жеткізді. 
Актриса ешқандай мемлекеттік атақ алмаған. 
Әнішінің бұл видеосы желіде кеңінен тарап, қызу талқыға түсті.
Бұл жаңалықты әншінің қарындасы Фариза Төреәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →