×

«Өздеріңізден де кінә бар»: Рүстем Жүгінісов мешіттегі бойжеткенге ауыр айып тақты

Ол әйел адамның мешіті үйінде екенін еске салды. 

«Өздеріңізден де кінә бар»: Рүстем Жүгінісов мешіттегі бойжеткенге ауыр айып тақты
instagram.com/zhugunussov

Желіде Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінде болған жағдайға қатысты Эммануэлла Наурызбаева есімді бойжеткеннің жариялаған видеосы қоғам назарын аударды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бойжеткеннің айтуынша, мешіт ауласында жүрген белгісіз сақалды ер адам оған «бір реттік неке» ұсынып, жыныстық қатынасқа түсуге шақырған. Бұл жайтты Эммануэлла видеоға түсіріп үлгеріп, әлеуметтік желіде жариялады. Оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында кең талқылауға себеп болды.

Алайда, арада көп уақыт өтпей-ақ, бұрынғы эстрада әншісі Рүстем Жүгінісов жауап ретінде видеоүндеу жасап, бойжеткеннің өзін сынға алды.

Әйелдің мешіті – оның үйі. Ер азаматтар үшін мешітте намаз оқу дұрыс болса, әйелдер үшін үйде оқығаны абзал. Өздеріңізден де кінә бар. Біреулер өзіне бай іздеп жүр деп ойлауы мүмкін. Сондықтан намызыңызды үйде оқыңыздар, – деді Рүстем Жүгінісов.

Бұл пікірлер де қоғам ішінде екіұдай реакция тудырып, әлеуметтік желілерде қызу пікірталасқа себеп болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«120 жасқа дейін өмір сүруге мүмкіндік бар»: Ләйлә Сұлтанқызы пайдалы 15 әдетті тізіп шықты
Кеше, 15:16

«120 жасқа дейін өмір сүруге мүмкіндік бар»: Ләйлә Сұлтанқызы пайдалы 15 әдетті тізіп шықты

Ол ұзақ өмірдің тек дұрыс тамақтану немесе спортпен шектелмейтінін еске салды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →