×

Мирас Жүгінісов ағасына қатысты даудан соң пікір білдірді

Ол қыздардан кешірім сұрады. 

Мирас Жүгінісов ағасына қатысты даудан соң пікір білдірді
instagram.com/zhugunussov.mj

Танымал әнші Мирас Жүгінісов Ақтөбедегі мешітте болған оқиғаға байланысты әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, сынға қалған туған ағасына қатысты резонанстан соң өз көзқарасын білдірді, деп жазады Qaz365.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында жариялаған жазбасында соңғы күндері ағасының пікірі жұртшылық арасында үлкен дау туғызып, кейбір азаматтардың көңіліне тигенін айтты.

Ағам – жеке пікірі бар азамат. Ал мен – өз жолы, ұстанымы бар адаммын. Отбасымның әрбір мүшесіне құрметпен қараймын. Бірақ олардың әрқайсының көзқарасы менікімен сәйкес келе бермейді. Сол себепті кейде келіспеушіліктер де туындап жатады. Бұл туралы ашық айтуға тура келіп отыр. Не айтқым келгенін сіздер түсінген боларсыздар, – деп жазды әнші.

Мирас Жүгінісовтің айтуынша, шығармашылығы нәзік жандыларға арналғандықтан, әйел затына құрмет көрсету – оның басты құндылықтарының бірі.

Әндерімнің көбі қыз-келіншектерге арналған. Себебі әйел заты менің өмірімде ерекше орын алады. Осы жағдайға байланысты көңілі қалған жандар болса, кешірім сұраймын. Сіздердің сенімдеріңіз – мен үшін өте қымбат, – деп түйіндеді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Резонанс үшін қамалдым»: Қамаудан шыққан актер Асқар Жұмабек елге сауал қойды
Бүгін, 11:19

«Резонанс үшін қамалдым»: Қамаудан шыққан актер Асқар Жұмабек елге сауал қойды

10 тәулікке қамалған актер Асқар Жұмабек бейнежазба жариялады
Алматыдағы Мақпал Жүнісованың концертіне келіп сөз сөйлеген Асқар Құлыбаев елдің наразылығын туғызды
Мақпал Жүнісова инфаркт алғанын мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →