×

Дженнифер Лопестен кейін Қазақстан енді Шакираны шақырып жатыр

Балаева Лара Фабиан мен Шакираның концертіне барғысы келетінін айтқан болатын.

Дженнифер Лопестен кейін Қазақстан енді Шакираны шақырып жатыр
Фото: instagram.com/shakira

2025 жылдың айтулы мәдени оқиғаларының бірі – Астанадағы Дженнифер Лопестің концерті болды. Енді ұйымдастырушылар Қазақстанға тағы бір шетелдік жұлдызды әкелмекші, деп хабарлайды Qaz356.kz.

Қазақстандық Камиль Байрамовтың Instagram желісіндегі парақшасында Дженнифер Лопестің Астанадағы концертін ұйымдастырған қазақстандық продюсер Малик Хасеновпен сұқбат жарияланды.

Әңгімелесу барысында Байрамов желі қолданушыларының өтінішін – тағы бір әлемдік супержұлдыз Шакираның елге концерттік сапары болса деген тілегін жеткізді.

«Мен сіздерге құпияның шетін ашайын. Біз онымен келіссөз жүргізіп жатырмыз, құдай қаласа, күзде аяқтаймыз», - деді Хасенов.

Еске салсақ, биыл сәуірде Мәдениет министрі Аида Балаева Лара Фабиан мен Шакираның концертіне барғысы келетінін айтқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Резонанс үшін қамалдым»: Қамаудан шыққан актер Асқар Жұмабек елге сауал қойды
Бүгін, 11:19

«Резонанс үшін қамалдым»: Қамаудан шыққан актер Асқар Жұмабек елге сауал қойды

10 тәулікке қамалған актер Асқар Жұмабек бейнежазба жариялады
Алматыдағы Мақпал Жүнісованың концертіне келіп сөз сөйлеген Асқар Құлыбаев елдің наразылығын туғызды
Мақпал Жүнісова инфаркт алғанын мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →