×

Әсел Сағатова Испаниядағы демалысынан ерекше кадрлар жариялады

Суреттер оның оқырманын тәнті етті. 

Әсел Сағатова Испаниядағы демалысынан ерекше кадрлар жариялады
instagram.com/asselsagatova

Еуропада демалып жүрген қазақстандық актриса Әсел Сағатова Instagram парақшасында Майорка аралында түсірілген жаңа суреттерін жариялады. Кадрлар оның оқырмандарын тәнті етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шілде айының соңында өнер иесі Испанияға жол тартқан. Қызымен бірге өткізген каникулдың ең есте қалар сәттерінің бірі – Майорканың басты табиғи көрікті жерлерінің бірі саналатын әйгілі Драч үңгірлеріне саяхат болды.

Актриса жазбасында бұл ерекше орын туралы қызықты мәліметтермен бөлісті:

Үңгірлер шамамен 1,2 шақырымға созылып, 25 метр тереңге кетеді. Мұнда әлемдегі ең үлкен жерасты көлдерінің бірі – Мартель көлі (Lago Martel) орналасқан. Олар миллиондаған жыл бойы теңіз суының әсерінен қалыптасқан. Ішінде жыл бойы шамамен +21°C температура мен жоғары ылғалдылық сақталады.

Кадрларда Сағатова әсем жерасты залдарында кішкентай қызымен бірге суретке түскен.

Пікір қалдырған оқырмандар түрлі пікір білдірді:

«Керемет! Табиғаты да керемет», – деп жазды бірі.

«Әдемі әрі біртүрлі қорқынышты», – деп бөлісті енді бірі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →