×

«99% ақшалай берді»: Динара Майғазиева тойға қанша ақша кеткенін айтты

Сәкеннің жолдастары көлік мінгізіп, бірнеше жылқы атаған

«99% ақшалай берді»: Динара Майғазиева тойға қанша ақша кеткенін айтты
Фото әлеуметтік желіден

Жақында әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен келіні Әдияның үйлену тойы дүркіреп өткен еді. Әншінің жары Динара Майғазиева тойға кеткен шығын көлемін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Майғазиева тойдың шығыны кем дегенде 60-70 миллион теңгені құрағанын жеткізді. Тойға келген қонақтардың басым бөлігі, шамамен 99 пайызы сыйлықты ақшалай тарту еткен.

«Оның ішінде алтын, гауһар сақина табыстағандар болды. Сәкеннің араласып жүрген жолдасы көлік мінгізді. Бірнеше жылқы атаған да достарымыз көп болды. Сәкен – халықтың азаматы. Ол барған жерінде небір ер-азаматтар сый-сияпатын көрсетіп жатты. Тіпті «тойдың малы бізден» деп өздері сойып, тұздап үйге алып келді. Кондитерлердің өзі тәттісін ешқандай жарнамасыз әкелді. Тойдың шығыны кем дегенде 60-70 млнды құрайды. Той өте берекелі өтті. Жанашыр адамдардың көптігін көрдім», - деді Динара Майғазиева.

“Форбстың азаматтары кемі 5-6 миллионнан берген шығар?” деген жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының сұрағына “иә, шүкір, берді” деп жауап берді Майғазиева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Нұртастың туған інісі әке атанбақ
Бүгін, 11:06

Қайрат Нұртастың туған інісі әке атанбақ

Желі қолданушылары құттықтап жатыр. 
Әнші әр адам өз ісіне шынайы берілуі керек деп санайды. 
Тойға шығатын әншілердің көбі гонорарын қолма-қол ақшамен алады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →