×

Баян Алагөзова тұрмысқа шығады

Продюсер дүркіретіп той өткізбек. 

Баян Алагөзова тұрмысқа шығады
instagram.com/bayanmaxatkyzy

Отандық танымал продюсер Баян Алагөзова үйлену тойын жасайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2025 жылдың 24 тамызында Алматыдағы The Ritz-Carlton қонақүйінің бальный залында ерекше сән-салтанатты мереке өтті. Шараны белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов пен оның жары, продюсер Баян Алагөзова ұйымдастырды. Мереке олардың қос қызының бір жасқа толуына және тұсаукесер рәсіміне арналды.

Бұл жолы жұлдызды жұп екі қызының тұсаукесер рәсімін сән-салтанатымен атап өтті. Көпшілік алдында сөз сөйлеген Баян Алагөзова мерекені ерекше жақсы көретінін айтып, келер жылы да үлкен той өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Мерекені, мерекелік көңіл күйді жан-тәніммен жақсы көремін. Алдағы жылы Тұрсен екеуміздің отау құрғанымызға 10 жыл толады. Соған орай үйлену тойын жасағым келеді. Фата киіп, қасымда кішкентай қыздарымның жүргенін, құрбыларымның биін көргім келеді, – деді продюсер.

Ал қонақтар жұптың бұл шешімін қолдап, бәрі тойға келуге дайын екенін жеткізді.

Кештің басты қонақтары шоу-бизнес өкілдері болды. Ерлі-зайыпты Алагөзовтер қыздарына арнап ән шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген би орындады.

Еске сала кетсек, былтыр жазда Алагөзовтер отбасы көпшілікті қуантқан еді. 2024 жылдың 5 тамызында Баян Алагөзова үшінші рет ана атанып, дүниеге келген қызын Алиса деп атады. Араға небәрі екі апта салып, 19 тамызда төртінші қызы Алма өмірге келді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жұлдызды той: Қайрат Нұртастың әкесі 60 жасын дүркіретіп атап өтті
09.10.2025ж. 13:03

Жұлдызды той: Қайрат Нұртастың әкесі 60 жасын дүркіретіп атап өтті

Әкесінің құрметіне Қайрат Нұртас ән шырқады. 
Кадрда актриса немересін қолына алып, жылы жымиып тұр.
Заңгер журналист пен белгілі актрисаның экс-күйеуінің үстінен арыз түсірген
Актер Олжас Абай Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы жөнінде әлеуметтік желіде жазба қалдырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →