×

Абай Бегейдің қызы жүктілігі қалай өтіп жатқанын айтты

Ол жүктілігі туралы жаңалықты неліктен ұзақ жасырғанын да түсіндірді. 

Абай Бегейдің қызы жүктілігі қалай өтіп жатқанын айтты
instagram.com/symbatabaikyzy

Әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат өзінің алғашқы жүктілігі қалай өтіп жатқанын оқырмандарымен бөлісті, деп жазады Qaz365.kz.

Оның сөзіне қарағанда, алғашқы айлары оңай болмаған:

9-аптадан 16-аптаға дейін қатты токсикоз болды. Сол кезде арықтап, 4 келі салмақ тастадым. Күнімнің жартысы сабақта өтетін, дәретхана мен кабинет арасында ғана жүретінмін. Иммунитетім де әлсіреп кетті. Бірақ қазір өзімді жақсы сезінемін. Ешқандай жайсыздық жоқ, витаминдерімді уақытылы ішіп жүрмін. Соңғы апталарда ғана салмақ қоса бастадым. Жалпы жүктілігім жеңіл өтіп жатыр – ән айтып, би билеп, таза ауада серуендеп жүрмін, – деді Сымбат.

Сондай-ақ ол жүктілігін ұзақ уақыт жасырғаны үшін сын айтқандарға жауап берді:

Жүктілігімді 7-айына дейін құпия ұстадым. Басында баламды босанғаннан кейін ғана бөлісемін деп ойладым. Бірақ гендер-пати видеосы тарап кеткен соң, оқырмандарыммен ашық бөлісуге тура келді. Оның үстіне, сіздер менің екінші отбасым секілдісіздер. Шынайы өмірімді жасырмай айтқаным дұрыс емес пе? – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«100 мың теңге шашу шашамын»: Ерке Есмахан туған күніне ақша таратпақ
30.11.2025ж. 15:28

«100 мың теңге шашу шашамын»: Ерке Есмахан туған күніне ақша таратпақ

Ол оқырмандарына арнап ерекше тосынсый жариялағанын айтты
Әнші тік мінезді адам болғандықтан күйеуінің бетіне айтып тастаған кездері аз болмағанын жасырмады
Көрме Еуропадағы концерттермен қатар өтіп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →