Актрисаның аксессуарларының ең төменгі бағасы 130 мың теңгеден басталады.
Танымал актриса әрі блогер Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің сәнді көзілдіріктерін сатылымға қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Актрисаның аксессуарларының ең төменгі бағасы 130 мың теңгеден басталады. Оның көмекшісінің айтуынша, ұсынылған тауарлардың қатарында әлемге әйгілі брендтердің өнімдері бар.
Мәселен, бастапқы құны 327 мың теңге болған Gucci көзілдірігі бүгінде 130 мың теңгеге саудалануда. Ал Tom Ford маркалы көзілдіріктің шын бағасы 386 мың теңге болса, сатылымдағы құны – 150 мың теңге.
Бұл көзілдіріктер сәнді әрі бетке ыңғайлы, – деп сипаттады көмекшісі.
Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова бұған дейін де өзінің сахналық киімдерін сатқан еді.
Мысалы:
бір көйлегін – 175 мың теңгеге,
екіншісін – 300 мың теңгеге,
Қайрат Нұртастың туған күніне киген көйлегін – 230 мың теңгеге,
інісінің тойына кигенін – 150 мың теңгеге,
костюм-шалбарын – 130 мың теңгеге,
ал қолмен тастар тігілген сәнді көйлегін – 600 мың теңгеге ұсынған болатын.