Атақты Backstreet Boys тобының мүшесі Александр Джеймс Маклин Instagram-да Қазақстанға алғаш рет келгенін айтып, бұл сапардың ұмытылмас әсер қалдыратынына сенімді екенін жеткізді
Әнші стористе бұрын біздің елде болмағанын мойындады, деп хабарлайды деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Біз діттеген жерімізге жеттік. Мүмкін, сіздер бізді 32 жыл ішінде бүкіл әлемді шарлап шықты деп ойлайтын шығарсыздар. Бірақ олай емес. Қазақстанға біз алғаш рет келдік және осында болғанымызға шын мәнінде қуаныштымыз. Елді танып-білуге, тамаша адамдармен жүздесуге және сіздерге екі керемет концерт сыйлауға асығып тұрмыз», – деді AJ (Александр Джеймс Маклин).
Өнерпаздың айтуынша, топ көрермендерге ерекше атмосфера сыйламақ:
“Күткендеріңіз үшін рақмет. Бұл мүмкіндікті ешқашан жіберіп ала алмас едік, осында жүргенімізге өте қуаныштымыз. Өзіңді шын мәнінде бақытты сезінесің. Жылы қарсы алғандарыңызға алғыс айтамыз. Бүгін кешке кездескенше – бұл ұмытылмас күн болмақ», – деп түйіндеді Алекс.