×

Ерке Есмахан балаларының күтушілеріне қымбат сыйлық жасады

Әншінің айтуынша, екінші ұлы Исламның күтушісінің туған күні болған.

Ерке Есмахан балаларының күтушілеріне қымбат сыйлық жасады
instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан балаларын қарасып жүрген күтушілерге жасаған тосынсыйын көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әншінің айтуынша, екінші ұлы Исламның күтушісінің туған күні болыпты. Алайда Ерке жұбайымен бірге тек бір күтушіні емес, екі көмекшісін де қуантуды жөн көрген. Өйткені екінші күтуші кішкентай Батырға қарайды.

Өнер иесі жас қыздар үшін қазір сәндік бұйымдардан гөрі қолайлы әрі қажетті сыйлық маңызды екенін түсінген. Сол себепті олар гүл шоқтарын ғана емес, соңғы үлгідегі жаңа смартфондарды да тарту етті.

Сыйлықтарды көргенде екеуі де көзіне жас алды. Екеуін де жақсы көремін. Олар мейірімді, адал әрі ешқандай еркелікке бой алдырмаған қыздар, – деп жазды Ерке.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →