×

Мөлдір Мұқан ұлына «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына VIP-билет сыйлады

Бұл оның туған күніне арналған сыйлық болатын. 

Мөлдір Мұқан ұлына «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына VIP-билет сыйлады
Видеодан алынған кадр

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен продюсер Мөлдір Мұқанның ұлы Нұриман 12 жасқа толды. Осыған орай отбасында ерекше тосынсый ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода туған күн иесінің ұйықтап жатқан сәті түсірілген. Мөлдір Мұқан қыздарымен бірге ұлын оятып, түрлі сыйлықтар тарту етті. Ал ең басты сыйлық «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы тарихи ойынға VIP-билет болды.

Жасөспірім мұндайды күтпесе керек, қуанғаннан көзіне жас алды.

Айта кетейік, алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реалдың» арасындағы Чемпиондар лигасының тарихи матчы 30 қыркүйек күні Орталық стадионда өтеді.

Билет бағасы трибуналарға қарай бөлінген:

Солтүстік және оңтүстік трибуналар – 75 мың теңге

Шығыс трибуна – 150 мың теңге

Батыс трибуна – 250 мың теңге

Батыс трибуна (1-9 сектор, 1-2 қатар) – 300 мың теңге

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →