×

Танымал әнші 12 жылдан кейін сәбиі дүниеге келгенін айтты

Көпшілік әншіні құттықтап жатыр. 

Танымал әнші 12 жылдан кейін сәбиі дүниеге келгенін айтты
Фото: Qaz365.kz

«Меломен» тобының әншісі Ролан Қазретов көптен күткен қуанышын жұртпен бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әншінің айтуынша, отбасы сәбидің келуін 12 жыл бойы күткен.

Ардақты ағайын, қадірлі қазақ елі, сүйінші! 12 жылдан кейін Алла тағалам қыз нәсіп етті. Құдайдың құдіреті шексіз, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, құттықтау тілектерін қарша боратты.

«Мә, денем тітіркеніп кетті ғой, Роланға әрдайым тілекші едім»,
«Алла ұлық! Бауы берік болып, артынан інілері ерсін!»
«Бауы берік болсын! Анасының да денсаулығы мықты болсын», – деп жазды оқырмандар.

Құттықтаушылар арасында қарапайым жанкүйерлермен қатар өнердегі әріптестері де бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →