×

Алматыда әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

Бибігүл Ахметқызы концертті үйінің терезесінен тамашалады

Алматыда әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында қазақтың әйгілі опера әншісі, ұстаз, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенованың үйінің ауласында әскери оркестр әуен әуелетті, деп хабарлайды Qaz365.kz..

Алматы қаласы Бостандық ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының және армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының әскери қызметшілері әйгілі әншіні Тәуелсіздік күнімен және 96 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Олар өнер иесіне гүл шоқтары мен құттықтау хатын табыстап, көпжылдық шығармашылық еңбегі үшін алғыстарын білдірді.

Туған күні еліміздің Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген Бибігүл Ахметқызы концертті үйінің терезесінен тамашалады. Әскери оркестрдің әуенін тек әншінің өзі мен жақындары ғана емес, көпқабатты үйдің тұрғындары да ерекше ықыласпен қабылдады. Танымал өнер иесі әскери қызметшілерді әрдайым ерекше қуанышпен, ыстық ықыласпен қарсы алады.

Көңіл-күйі көтеріңкі болған Бибігүл Ахметқызы әскери қызметшілер мен барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап.

— Әскери киімдегі жандарға деген құрметім ерекше. Қызметтеріңіз үшін және осындай әсерлі сыйлық үшін алғыс айтамын. Елімізге бейбітшілік, әрбір қазақстандыққа денсаулық, тыныштық пен ертеңгі күнге деген сенім тілеймін, — деді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үстінен қылмыстық іс қозғалған Мұқасан Шахзадаев тағы бір концертте ән айтып жүр
13.12.2025ж. 14:18

Үстінен қылмыстық іс қозғалған Мұқасан Шахзадаев тағы бір концертте ән айтып жүр

Бұған дейін оның қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған еді
Ол оқырмандарына арнап ерекше тосынсый жариялағанын айтты
Әнші тік мінезді адам болғандықтан күйеуінің бетіне айтып тастаған кездері аз болмағанын жасырмады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →