×

Қайрат Нұртастың қызы желідегі хейтерлерге жауап берді

Қайрат Нұртастың қызы желідегі хейтерлерге жауап берді
instagram/kaalau_

Танымал әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы уақытта жиілеп кеткен жағымсыз пікірлер мен хейтке қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алаудың айтуынша, оған желіде ауыр сөздер жазып, хейт таратып жатқандардың арасында 40–50 жастағы ересек адамдар да бар. Ол желіге фото немесе видео жариялағанда сын емес, керісінше қолдау күтетінін жеткізді. Бойжеткен интернеттегі мәдениет пен мейірімнің маңызды екенін ерекше атап өтті.

«Сіздердің тәрбие деп жүргендеріңіз — шын мәнінде құр тиісу ғана. Есіңізде болсын: сөз — өте қауіпті қару. Сіздің жай ғана қалдырған пікіріңіз біреу үшін жара болуы мүмкін. Маған ұят емес. Ересек адамның баланы қорлағаны ұят. Жек көрушілікті «тәрбие» деп атау — ұят», — деді ол.

Бұл жағдайға әншінің анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова да үнсіз қалмай, немересіне қолдау білдірді. Ол өз пікірінде біреу алға шықса «аяқтан тарту» әдетінің көп екенін айтып, Алаудың жүрегіне тиетін мұқатулардың қатты батқанын жазды.

«Қандай перзентіміз болса да ішкі дүниесі адалынан болсын. Бастысы екіжүзділік болмасын ұрпағымызда», — деп түйіндеді Г. Айдарбекова.

Мамандар кибербуллингті интернет, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы адамды қорлау, қуалау және намысына тиетін пікірлер жазу деп анықтайды. Әрбір қолданушы желідегі әрбір сөзі үшін жауапты екенін ұмытпауы тиіс.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →