Қазақ эстрадасының жарасымды жұбы Жанболат пен Жазираның жалғыз ұлдары Қазбекті үйлендіріп, келін түсірді. Алайда желі қолданушылары тойдың сән-салтанатынан бұрын, қалыңмалдың көлемін кеңінен талқылауда, деп хабарлайды Qaz365.kz,
Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан әулеттің үлкені құдаларға қалың мал ретінде 10 млн теңге және кәде сый үшін қосымша 300 жүз мың теңге табыстап жатқанын байқауға болады. Бұл бейнежазбаны көрген желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, бірі жас жұбайларға бақыт тілесе, енді бірі қаражаттың көлемін сөз қылған.
«Күшті, жастар бақытты болсын!», «10 млн көп қой, біз 2 млн бергенбіз», «Мұндай қызға 10 млн аз ғой», – деп жазды желі пайдаланушылары өз пікірлерінде.
Айта кетейік, жақында ғана жалғыз ұлы Қазбектің қалыңдығына сырға салып, өнердегі әріптесі Кенжебек Жанәбіловпен құда атанған өнер иелерінің болашақ келіні Асылы есімді ару шетелдегі оқуын тастап, сүйіктісі үшін елге оралған.
Бір сұхбатында Қазбек жарымен шетелде танысқанын жеткізді. Оның айтуынша, Асылы сол жақта білім алып жүрген көрінеді.
«Асылы шетелде оқып жүрген, арнайы шетелге барып таныстым. Қазіргі уақытта Асылы оқуын елімізде жалғастыратын болды. Біз ата-анамызбен бірге тұрамыз. Бөлек шығу немесе шетелге біржола кету деген ойымызда жоқ», – деді Қазбек.