×

«Әкеңнің көзі ретінде тағып жүр»: Ләйлә Сұлтанқызының күйеуінен қалған бағалы сыйлықты ұлына берді

Белгілі тележүргізуші ұлына ерекше сыйлық жасады

«Әкеңнің көзі ретінде тағып жүр»: Ләйлә Сұлтанқызының күйеуінен қалған бағалы сыйлықты ұлына берді
Фото: instagram.com / sultankyzy

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы үлкен ұлын туған күнімен құттықтап, оған әкесінің сағатын сыйға тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Сакошым! Маған алғаш ана бақытын сыйлаған жарығым. Саған тілер тілегім аналық жүрегімде. Құдайдан сұрарым тек денсаулық. Қалғанына өзіңнің ақылың мен еңбегің екі жақтап жеткізер, бұйыртса! Әкеңнен дарыған даналық сені биікке шығаратынына сенемін, менің ең жақын досым, ақылшым. Білімді бол, иманды бол. Ешқандай қиындық көрме. Достарыңның арасында осылай ойнап- күліп жүре бер. Әкесі екеуміз қатты армандайтынбыз, өзі де армандайтын. «Әкемнің осы сағатын таққым келеді» деп айтатын. Әкеңнің көзі ретінде тағып жүр», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі кәсіпкер Қайрат Беркінбаев 2022 жылдың 6 қарашасында дүниеден өткен. Олардың ортақ екі ұлы бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Нұртасқа қатысты сот шешімі шықты
17.05.2024ж. 17:47

Қайрат Нұртасқа қатысты сот шешімі шықты

Бұған дейін Атырау қаласындағы мейрамхана иесі белгілі әншіні сотқа берген болатын
Ол әншінің пиар қызметімен байланысуға тапсырма берді
Ол өзіне жолдасын көрсетпей кеткенін жарыса жазғандарға жауап берді
Халық әртісі жеке парақшасында осы жазбасын кейін өшіріп тастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →