×

«Жүрші кірпіш зауытының ішіне». Мадина Сәдуақасова өзіне тиіскен қызды әдіске салып құлатқан

Әнші екі жыл дзюдомен айналысқан

«Жүрші кірпіш зауытының ішіне». Мадина Сәдуақасова өзіне тиіскен қызды әдіске салып құлатқан
Фото: ашық дереккөзден

Танымал эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова «Жарқын жүздесу» бағдарламасында өзіне тиіскен қызбен төбелескен кезін еске алды, деп хабарлайдыQaz365.kz.

Әнші 12 жасынан бастап, екі жыл дзюдомен айналысқан.

«Екі жыл дзюдоға қатыстым. Сол кезде ақ белбеу алдым. Жаттықтырушым «Осы қыздан жақсы дзюдошы шығады» деп айтып жүретін. Жақсы күрескенмін. Бірақ бұл анама ұнамады. Анам мені сызылып қалған қыз ретінде көргісі келетін. Анамның арманы орындалды. Мен енді тек әдемі көйлек киіп, сахнада ән айтып жүрмін. Өзіме дзюдо қатты ұнады. Анаммен сол кезде ренжіскен болатынмын. Мені қыздар құлата алмайтын. Шымыр болатынмын», – деді Мадина Сәдуақасова.

Ол дзюдо күресінің өмірде де пайдасы тигенін айтып қалды. Қызылордада жаңа ауданға көшіп келгенде бір қыз тиісіпті.

«Содан маған бір қыз «Сен неге өзіңше болып тұрсың? Маған өзіңше сияқты көрініп тұрсың. Бері келші», – деді. Мен 11-сынып оқимын. Қорқыныш деген жоқ. «Жүрші кірпіш зауытының ішіне» дейді. Жанымда жүрген қыздар «Мынау қатты төбелесетін қыз» дейді. Мен халатпен, тәпішкемен жүрмін. Сыртқа шақырып жатыр дегенге шыққанмын ғой. «Сен маған ұнамай жүрсің» деді. Сосын мен аямадым. Мені жылап қалады деп күтті. Халатымды түйіп алдым. Бұл өмірімдегі бір рет қана төбелескен кезім. Ол жерде мен үшін күрес болды. Мақтанғаным емес, мен жеңдім. Ана қызды арқасынан қапсырып құлаттым», – дейді әнші.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Құны төмен»: Баян Алагөзова суррогат анаға қанша төлегенін айтты
Бүгін, 13:31

«Құны төмен»: Баян Алагөзова суррогат анаға қанша төлегенін айтты

Баян Алагөзованың пікірінше, мұндай миссия үшін Қазақстанда бағалар өте арзан
Біз тек ләззат үшін кездестік. Романтика болған жоқ
Продюсер осы күнге ерінбей еңбек еткеннің арқасында жеткенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →