×

«Мәңгілік махаббатым»: Алтынбек Қоразбаев Мақпал Жүнісоваға ғашық болғанын мойындады

Алтынбек Қоразбаев Мақпал Жүнісоваға ән арнаған

«Мәңгілік махаббатым»: Алтынбек Қоразбаев Мақпал Жүнісоваға ғашық болғанын мойындады
Фото: ашық дереккөздерден

Танымал композитор, көптеген хит әннің авторы Алтынбек Қоразбаев «Ұйқым келмейді» бағдарламасында жас кезінде Мақпал Жүнісоваға ән арнағанын мойындады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Егер шын ғашық болсам, алысқа жібермей, алып ұратын адаммын. Мақпал қуыршақтай, кішкентай қыз болатын. Оған әнді арнап жазғаным рас. Осыдан отыз жыл бұрын. Ол кезде Мақпал 21-22 жастағы қыз. Салмағы 25-30 келіден аспайтын шығар. Бірақ ән үшін жүрегі тасып тұрған, «Гүлдерде» жұлдызы жанып тұрған кез. Әбдірахман Асылбековтің сөзіне «Мәңгілік махаббатым» деген ән жаздым. Әнді арнап жазғаным рас», – дейді Алтынбек Қоразбаев.

Композитордың айтуынша, Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовке тұрмысқа шыққасын оған жеңге болды. Қазір ағамыздың көзі кеткесін, ол өзін «аға» деп жүргенін айтты.

«Ғашық болды деп, жүректі шаша беруге болмайды. Егер бәріне ғашық бола берсем, жүректен не қалады? Бірақ Мақпалды жақсы көрдім. Әніне, өнеріне ғашық болдым. Сол әнді кезінде Мақпал тамылжытып орындаған», – дейді ол.

Ал Мақпал Жүнісова ертеректе, 20 жас кезімізде Алтынбек ағам ән ұсынған еді. «Мен саған ғашықпын» деп сол кезде айтатын. Бірақ жеңгемізден қорықты ма, жақындай алған жоқ. Сырттай ғашықпын деп жүретін дейді.

«Сол кезде «Мәңгілік махаббатым» деген әнді сағанарнадым» деп алып келгені есімде. Қазір жеңгеміз қызғанбайтын шығар деп ойлаймын. Мен 60-қа келдім, ол кісі 75-ке келді», – деп күлді Мақпал Жүнісова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Құны төмен»: Баян Алагөзова суррогат анаға қанша төлегенін айтты
Бүгін, 13:31

«Құны төмен»: Баян Алагөзова суррогат анаға қанша төлегенін айтты

Баян Алагөзованың пікірінше, мұндай миссия үшін Қазақстанда бағалар өте арзан
Біз тек ләззат үшін кездестік. Романтика болған жоқ
Продюсер осы күнге ерінбей еңбек еткеннің арқасында жеткенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →