×

«My heart will go on» әнінің авторы: Атақты композитор Димаштың клипі туралы пікір білдірді

Димаш пен Уолтер ең алғаш 2017 жылы танысқан. Содан бері бір-біріне жылы сөздерін арнап тұрады

«My heart will go on» әнінің авторы: Атақты композитор Димаштың клипі туралы пікір білдірді

АҚШ-тың атақты композиторы, «Грэмми» сыйлығының екі мәрте иегері Уолтер Афанасьефф үнемі қазақ әншісі Димаш Құдайберген туралы жылы пікір білдіріп жүреді. Бұл жолы ол отандасымыздың «When I’ve got you» атты жаңа бейнебаянына қатысты пост жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бәріңе сәлем! Бұл –  Уолтер. Мен Димаш досымның жаңа әніне түсірген бейнебаянын көрдім. Өте керемет шығыпты. Досымның мұндай қорқынышты және таңғажайып музыканы жасай алатынына сене алар емеспін. Димитро Гордон аранжировканы шебер істепті. Фортепианода ойнауы, Димашпен үйлесім табуы – бәрі-бәрі көңілден шықты. Димаш – әлемдегі ең үздік әнші. Қалай болғанда да, керемет ән, оны бәріңіз көріңіздер. Шынымен таңғаларлық бейнебаян болыпты. Ендеше, Димашқа деген шынайы махаббатым, осы бейнебаянды көріп, оны шын жүректен қолдағаныңызды қалаймын», – дейді Уолтер Афанасьефф. 

Айта кетейік, Уолтер Афанасаьефф – «Грэмми» жүлдесінің екі дүркін иегері, «Титаник» фильмінің саундтрегі «My heart will go on» әнінің авторы. «Красавица и Чудовище», «Аладдин» (1992), «Телохранитель» (1992), «Только ты» (1994), «Геркулес», «Игра» (1997), «Другая сестра» (1999), «Госпожа горничная» (2002). Джеймс Бонд «Лицензия на убийство» фильмдерінің əндерін жазған. 

Димаш пен Уолтер ең алғаш 2017 жылы танысқан. Содан бері бір-біріне жылы сөздерін арнап тұрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«100 мың теңге шашу шашамын»: Ерке Есмахан туған күніне ақша таратпақ
30.11.2025ж. 15:28

«100 мың теңге шашу шашамын»: Ерке Есмахан туған күніне ақша таратпақ

Ол оқырмандарына арнап ерекше тосынсый жариялағанын айтты
Әнші тік мінезді адам болғандықтан күйеуінің бетіне айтып тастаған кездері аз болмағанын жасырмады
Көрме Еуропадағы концерттермен қатар өтіп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →