×

Әлемдік деңгейде хитке айналған «Жүрек» әнін өзбектерден көшіріп алған ба?

Қытайдағы хид-парадта бұл ән үшінші орынға көтерілген

Әлемдік деңгейде хитке айналған «Жүрек» әнін өзбектерден көшіріп алған ба?
Фото: ашық дереккөзден

 Adam есімді қазақстандық әншінің «Жүрек» атты әні соңғы кездері TikTok  платформасында үлкен танымалдыққа ие болған еді. Желіде Өзбекстаннан ұрлап алды деп айыптағандар болған. Осыған қатысты әнші жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өйткені Өзбекстанның осы әннің ырғағына ұқсас әнге видео түсірілген. Сондықтан екі елдің тыңдармандары арасында өзара «біздікі» деген талас тудырып жатыр екен.

«Бұл видеоға дейін ол жігіттерді танымайды екенмін. Қазір де жеке танымаймын. Бірақ видеоны көрдім. Өзбекстаннан ұрлап алдыңыз ба дегендер бар. Бірақ барлығын түсіндірдім. Адамдардың көбісі сенді. Халықты да түсінуге болады. Өзбекстаннан, Қырғызстаннан талай әндер алғанбыз. Бұл менің таза өз әнім. Таза жүректен шыққан ән. Аты да «Жүрек». Бұл кісілердікі жай ғана хайп. TikTok желісінде 5 мың долларға клип түсіріп қойған әніміз еді, қазақ әншісі ұрлап алды деп таратып жіберген. Өзім ешкімнің әнін алып көрмеген едім. Тек өзімдікін орындаймын. Өзбекстан азаматтары кейін мойындады, хайп болғанын айтты», - дейді Adam «Қызық таймс» бағдарламасында. 

Айта кетейік, «Жүрек» әні Қытай, Корея, Вьетнам, Марокко, Албания, Германия, Украина, Армения, Франция сияқты елдерде танымалдыққа ие болған. Қытайдағы хид-парадта бұл ән үшінші орынға көтерілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Украиналық журналист Дмитрий Гордонның ұлы Димашқа ән жазып берді
Кеше, 00:06

Украиналық журналист Дмитрий Гордонның ұлы Димашқа ән жазып берді

Дмитро Гордон соңғы 6 жыл бойы Димаштың шығармашылығын үлкен қызығушылықпен бақылап келе жатқанын айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →