Белгілі әнші әйеліне көлік сыйлады
Былтырғы жылы көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылған Төреғали Төреәлі әйелі Толқын Тұрарбекқызына көлік алып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Мен рөлге отыра алмайтынымды білесіздер. Бұл Lexus RX 300 деген көлік. Жақында жұбайым Толқынға сыйға тартқан болатынмын. Бір қызықты айтып берейін. Екеуіміз қыз-жігіт болып жүрген кезде Толқынның Lexus RX 300 деген көлігі бар еді. Маған тұрмысқа шығатын тұста көлігімді не істейін деп сұрады. Сонда көлігінді тастап кет деп айтқанмын. Бәрі жақсы болғанда басқасын алып берем деп едім. Тура осы көлікті ырымдап, қайтадан алып бердім», - дейді Төреғали Төреәлі.
Айта кетейік, былтыр Төреғали Төреәлі ұсталған кезде де Lexus көлігінің тізгінінде болған еді.
«Төреғали бай отбасының қызы сияқты ғой», «Былай дұрыс жігіт секілді», «Төбесі жоқ Lexus-ты алғаш көріп тұрмын», «Қайрат сияқты емес, үнемі әйелімен жүреді, жарайсың», «Мойындағанның өзі бір ерлік», «Ақ Төреш жарайсың», «Керемет, бақытты болыңдар!», «Құтты болсын!», - деген пікірлер бар.