Белігілі әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды
Танымал эстрада жұлдызы Ерке Есмахан су тасқынынан зардап шеккендерге отбасының атынан көмек көрсетілгенін бұған дейін жазған еді. Бірақ қанша ақша аударғанын жария етуге күйеуі қарсы екен, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерге отбасымыздың атынан қолымыздан келгенше көмек берудеміз. Қанша қаражат аударғанымызды көрсетіп, жариялап, айтуыма, жолдасым қарсы. Жанұя болғалы жасаған қанша үлкенді-кішілі қайырымдылық, берген көмегімізді айтқызбады. Әрі қарай да «Айтып, жазбайсың» деген шарт қойды. Күйеуім "Әр ісімізді Алла біліп, разы болса болғаны» деген ұстаныммен жүреді», - дейді Ерке Есмахан.
Ол көмектесіп жатқанына елді иландыру үшін бәрін ашып жазуға дайын екенін айтты. Өйткені тыңдарман қауым қол қусырып отыр деген әңгіме таратып жатқан көрінеді.
«Менің жазғым-ақ келеді. Себебі сіздер қол қусырып қарап отыр деп ойламасын дегендей. Онымен жолдасымның түсінігі осындай. Сол үшін артық сөз жазудан аулақ болыңыздаршы. Алла сабыр берсін! Біз де дәл сіздердей халықпыз. Мүмкін келесі жылы мемлекетіміз мұндай жағдайларға алдын-ала дайын болар деген үміттеміз. Еліміз аман болсын!», - дейді әнші.
Айта кетейік, су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірдің бірі – Ерке Есмахан туған жері Ақтөбе облысы.