Әншіні желіде біреу кінәласа, екінші бірі қолдаған
Қазір әлеуметтік желіде әнші-блогерлер су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге ақша жинап, немесе өздері көмектесіп жүргенін жариялауда. Ал Қайрат Нұртас тек қысқаша пікір білдірумен шектелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қазағыма сабыр бере гөр», - деп жазған әнші.
Желіде әлбетте неше түрлі пікірлер жазылған. Біреуі кінәласа, екінші бірі қолдаған.
«Жанын ашып жатса, көмектессейші», «Түркияда жер сілкінісі болғанда барлық әншілер көмектесті. Ал сіз енді ғана фото жариялап тұрсыз», «Күшіміз бірлікте Қайреке», «Қайрат жария қылмай қаншама көмек беріп жатыр», «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды», «Сендерге айтып бермейтін шығар», «Төреғали екеуін тыныш жүріңдер», «Қайрат жария қылмай қанша көмек беріп жатыр», - деген пікірлер бар.
Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі кезде Атырау, БҚО, Ақтөбе, Қостанай, СҚО облыстарында жағдай ауыр. Әсіресе, Құлсары (Атырау облысы) қаласында 2700-ден астам үй суға кетті.