×

Ержан Максим қатысқан шоудың жыры: Алсу бес жыл бұрын қызын қолдап қателік жасағанын мойындады

Поп-жұлдыздың кіші қызы Микелла Абрамова 2019 жылғы «Голос. Дети» шоуына қатысқан

Ержан Максим қатысқан шоудың жыры: Алсу бес жыл бұрын қызын қолдап қателік жасағанын мойындады
Коллаж Qaz365.kz

Ресейлік әртіс Алсу 2019 жылғы «Голос. Дети» шоуындағы қызының жеңісі әділетсіз болғанын мойындады. Әнші қызының жеңісі үшін бәрін жасағанын, алайда мұнысы дұрыс болмағанын айтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Поп-жұлдыздың кіші қызы Микелла Абрамова 2019 жылғы «Голос. Дети» шоуына қатысқан. Оның суперфиналдағы өнері ең үздік деп танылып, жас әнші жеңіске жетті. Микелла 56,5% дауыс жинап, қарсыластары Ержан Максим мен Валерий Казаковтан басым түскен еді. 

Десе де Микелланың бұл жеңісі көрерменнің наразылығын туғызған. Әлеуметтік желілерде Микеллаға қарсы пікірлер көбейіп, оның «жеңісін сатып алды» деп жазғандар болды. Ресейлік бірінші арна (Первый канал) жақында тексеру жүргізіп, оның қорытындысы бойынша финалдың барлық қатысушылары жеңімпаз атанған болатын.

Алсу бүгін қызының қалай жеңіске жеткенін айтып берді. Әнші Микеланың бірінші орынғажетуі үшін бәрін жасағанын мойындады.

– Ол кезде ештеңе ойлай алмайсың, кез келген ана сияқты балаңа көмектескің келеді. Жобадағы басқа аналардың біреуінің 10 мың жазылушысы бар, біреуінде 50 мың, біреуінде 100 мың жазылушы. Әркім өз туыстарына қоңырау шалады, әркім дауыс жинайды. Менің 2 миллион жазылушым болған, жұлдызды достарым мен әріптестерімнен қызыма дауыс беруді өтіндім. Мұның арты бірақ дұрыс болмады - дейді Алсу.

Микелланың жеңісінен кейін оның отбасын ашық сынағандар көбейген. Алсу бұл уақытты өміріндегі ең қиын кезең деп атайды. Бірақ бәрінен бұрын, анасы 11 жасар қызының хейтпен қалай күрескені ауыр тигенін мойындайды.

– Мен өзім туралы не ойламадым, мүлде мән бермедім, тек баламның қазіргі жағдайына алаңдадым. Микелла өте күшті қыз, ол табандылықпен шыдады, ол тіпті уайымын көрсетпеді. Бізде үйде ешкім ашуын көрсетпейтін де, ол мұның бәрін басынан өткерді. Мен ана ретінде бұл үнсіздіктің артында мұң мен көз жасы жасырынғанын түсіндім. Біз бұл тақырыпты ерекше талқылаған жоқпыз, қандай да бір жолмен үстірт сөйлестік, - деп мойындады "Евровидение — 2000" финалисті.

Ресейдің еңбек сіңірген әртісі өз орнындағы кез-келген ана бала үшін де солай істер еді дейді. Қателік жасағанын мойындайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Гүлзира Айдарбекова уақыты тығыз болса да күйеуінің туған күнін Кипрда атап өтті
Кеше, 10:20

Гүлзира Айдарбекова уақыты тығыз болса да күйеуінің туған күнін Кипрда атап өтті

Продюсер осы күнге ерінбей еңбек еткеннің арқасында жеткенін айтты
Суыт хабарды көпшілікке тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жеткізді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →