×

Талмасы ұстап Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханаға түсті

Оған дәрігерлер әлі нақты диагноз қоймаған

Талмасы ұстап Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханаға түсті
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Белгілі эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оған дәрігерлер әлі нақты диагноз қоймаған.

«Жағдай осылай болып тұр. Осыдан екі күн бұрын талма ұстап, ауруханадан бір-ақ шықтым. Есімнен танып қалдым. Қазір ем қабылдап жатырмын. Күндізгі стационарда, неврология бөліміндемін. Дәрігерлердің айтуынша, әзір ем алуым керек, содан кейін тексерістен өтемін. Қан талдауын тапсырып қойдым. Ертең МРТ түсіреді. Содан кейін ғана диагноз белгілі болады. Ауырмаңыздар, іздеп жатқан жандарға көп рақмет», - деп жазды актриса.

Сонымен қатар басы ауыратын адамдарға ескерту жасап, денсаулыққа немқұрайлы қарамауға шақырды.

«2016 жылдан бері басым ауыра бергесін, ем қабылдап жүрмін. Карантин кезінде ол жайлы ұмытып кетіппін. 6 ай сайын ем қабылдауым керек еді, соны қазақылыққа салынып, кейінге шегере беріппін. Бас сақинасы ұстап тұр, шай ішпегеннен, біреу маған осылай сөйлегеннен деп басымның ауырғанына мән бермеген едім. Жағдай осылай болып тұр», - деді Жұлдыз Әбдукәрімова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →