×

«Мені боқтап, басымнан екі рет ұрды»: Шымкентте Қайрат Нұртастың соты өтіп жатыр

Шымкенттегі сот отырысында әнші өзін сотта жәбірленушімін деп жариялады

«Мені боқтап, басымнан екі рет ұрды»: Шымкентте Қайрат Нұртастың соты өтіп жатыр
Фото: instagram.com/kair_n

Бүгін бұзақылық жасады деген айыппен белгілі эстрада әншісі Қайрат Нұртастың соты өтіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шымкенттегі сот отырысында әнші өзін сотта жәбірленушімін деп жариялады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде әнші Қайрат Нұртастың Шымкентте ұсталғаны туралы ақпарат таралған. Одан кейін Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты растаған болатын. Оған  Алматы-Астана рейсінің бортында ұсақ бұзақылық жасау және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа қарау үшін жіберілген.

«Мен ұрған жоқпын, әуелі мені соққыға жықты. Мен оны ұрған жоқпын. Неге мені қамағанын түсіне алмай отырмын. Меені досым тойға шақырды. Тойға бара алмаймын дедім. Ол неге келмейсің деп боқтап, басымнан екі рет ұрды. Мен де оны ұрдым. Сосын тыныш отырдым. Бірақ артымнан келіп тағы ұрды. Болғаны осы. Тәртіпті бұзған жоқпын. Мен жәбірленушімін. Жарақатты бәріміз алдық, еркекпіз ғой. Неге менің кінәмді сұрап отырсыздар?», – деді әнші.

Жәбірленуші бітімгерлік бойынша арыз жолдаған, ол әншіге қарсы талап-арызы жоқ екенін айтты.

Сотқа әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова  да қатысты. 

«Бір біріңе кешірім берулерің керек. Алып бара жатқан мұрның сынған, басың қанаған, көзің шыққан ештеңе жоқ. Екеуің де маған басқа адам емессіңдер, сен де маған балам сияқтысың», – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →